Яковлев и Рунов «Номадта» қалады
25 тамыз

Шабуылшылар Андрей Яковлев пен Андрей Рунов Қазақстан чемпионатында «Номадта» ойындарын жалғастырады. Екі спортшы да біржылдық келісімшарт жасасты.

Яковлев «Номад» командасында 2015 жылдан бері ойнап келеді. 2019-2020 жылғы маусымда орталық шабуылшы ЖХЛ-да 37 кездесу өткізіп, өз қоржынына 14 (7+7) ұпай жинады.

Рунов «Номадқа»  2018 жылы ауысып келді. Өткен маусымда Андрей ЖХЛ-да 38 матчта ойнады, онда 5 (1+4) нәтижелі ұпаймен көзге түсті.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: