Виктор Сведберг – ҚХЛ айдың үздік қорғаушысы
01 ақпан

Құрлықтық хоккей лигасы Чемпионатының үздік хоккейшілерін анықтау жөніндегі комиссия ойыншылардың ойындары бойынша статистикалық деректер негізінде  төрт аталымдағы қаңтар лауреаттарын анықтады.

Үздік қорғаушы болып  Виктор Сведберг («Барыс») танылды. Қаңтардың 12 матчында ол командамен бірге 7 рет жеңіске жетті және пайдалылық көрсеткіші (+8) болғанда 5 (1+4) ұпай жинады.

Шведтік қорғаушы қақпаға 31 соққы жасап, күшке салудың 6 тәсілін қолданды және 12 соққыны бұғаттады.

Үздік шабуылдаушы  Никита Гусев (СКА), үдік қақпашы– Илья Коновалов ("Локомотив"), үздік жаңа есім – Мартиньш Дзиеркалс (ригалық "Динамо"). 

КХЛ

Бөлісу: