Sputnik Қазақстан Барыстың ақпараттық серіктесі атанды
25 қазан


 

Халықаралық ақпараттық агенттік пен Sputnik Қазақстан радиосы еліміздің жетекші «Барыс» хоккей клубының ақпараттық серіктесіне айналды. Тиісті келісімге «Россия сегодня» ХАА Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Виктор Панов пен «Барыстың» маркетинг және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Арнұр Әлшеров қол қойды. Қол қою рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өтті

- Sputnik Қазақстан агенттігінің мультимедиалық мүмкіндіктері кәсіпқойлар командасымен бірлесіп клубтың қызметі мен жетістіктері туралы ақпаратты берудің жаңа креативті форматтарын іске асыруға, спортшылар туралы кең аудиторияға хабарлауға мүмкіндік береді - деді Виктор Панов.

- Біз жетекші ақпараттық агенттіктердің бірімен жұмыс істеуге қуаныштымыз. Табысты ынтымақтастық біздің аудиториямен қарым-қатынасты дамытуға ықпалын тигізетін болады. Біз Sputnik-тің «Барыстың» өміріндегі барлық оқиғаларды кәсіби және объективті тұрғыдан жария етуде сенімді серіктес болатынына сенімдіміз» - деп атап өтті Арнұр Әлшеров.  

 

Sputnik Қазақстан өз жұмысын 2016 жылдың қыркүйек айында бастады. Оның қоржынында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық портал, интернет-радио және жоғары технологиялық мультимедиялық баспасөз орталығы бар. Sputnik Қазақстан Халықаралық ақпарат агенттік пен Sputnik радиосының бір бөлігі болып табылады.

Sputnik – халықаралық ақпараттық агенттік және радио - «Россия сегодня» ресейлік медиатобының бөлігі. Sputnik 32 тілдегі интернет-сайттарын, әлемнің 90-нан астам қаласындағы аналогтық және цифрлық радиохабарларды, ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілдеріндегі жаңалықтар арналарын біріктіреді. Sputnik ақпараттық ресурстарының аудиториясы айына шамамен 57 миллион қараушыны құрайды, әлеуметтік желілердегі жазылушылардың жалпы саны 22,9 миллионнан асады. Sputnik-тің бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: