Қар барыстарын бірге сақтайық!
22 қазан

Жыл сайын 23 қазанда атап өтілетін Халықаралық қар барысы күні қарсаңында «Барыс-Аренада» «Барыс» (Нұр-Сұлтан) және «Локомотив» (Ярославль) командалары арасында матч өтеді. Матч аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) «Қар барысын сақтайық!» атты науқаны ұйымдастырылды, ол Қазақстанда қар барысын сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түр ретінде сақтау мәселесіне назар аударуға арналған.

«Қар Барысын Сақтайық» экологиялық науқаны аясында «Барыс Арена» Мұз сарайының аумағында жанкүйерлер үшін қар барысына арналған фотокөрме, жүлделер ойнатылатын конкурстар, балаларға арналған аквагрим, слоу моушн және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Халықаралық қар барысы күні қоғамның осы сирек кездесетін жануарлардың жойылып кету қаупі туралы хабардарлығын арттыруға арналған.

Бөлісу: