"Снежные Барсы". Плей-офф жолы.
09 наурыз

8-наурызда Харламов Кубогын сарапқа салу жолындағы бәсеке басталды. Жетінші рет ойнатылып отырған турнирдің шымылдығын бірінші болып Батыс конферециясындағы сегіз команда түрді. Бүгін 9-наурыз, кезек «Шығысқа» келді. Астананың «Снежные Барсы» командасы жарыстың алғашқы айналымында Уфаның «Толпарымен» кездеседі. Сериялық кездеудің үшеуін жеңіспен аяқтаған команда келесі кезеңге өтеді. Алғашқы ойын  Уфада наурыздың  9-10 күндері Астана уақыты бойынша сағат 19:30 болады. Ал Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері өз жеріндегі ойынды 13-наурызда өткізеді. Егер осы ойындарда жеңімпаз анықталмайтын болса, сериялық кездесулердің жалғасы 14 мен 17 наурызда ұйымдастырылады.

Маусымның ең маңызды әрі жауапты сәтінде «Снежные Барсы» командасы промо-роликке түсті.

Жастар хоккей лигасының баспасөз қызметі қарсыластар жайлы және бұған дейінгі кездесулерінің тарихы туралы ақпарат әзірледі.

 «Толпар» (Уфа)

2015/16 маусымда: 44 ойын, 25 жеңіс негізгі уақытта, 3-і овертаймда. 9 жеңіліс ойынның негізгі уақытында, 4-і овертаймда, 3-і буллитте. 88 ұпай, «Шығыс» конференциясында 3 орында.

Шайбалар: 145 соғылды, 106 өткізген.

Үздік шабуылшы:  Кирилл Шмурыгин – 43 (24+19) ұпай

Үздік сұрмерген: Кирилл Шмурыгин – 24 шайба

Үздік қорғаушы: Андрей Банников – 25 (9+16) ұпай 

Негізгі қақпашы: Владислав Булыгин – 31 ойын, 16 жеңіс, сенімділік коэффициенті – 2.30, соққыны қайтаруы – бір ойында 91.2 пайыз.

 «Снежные Барсы» (Астана)

2015/16 маусымда: 44 ойын, 20 жеңіс негізгі уақытта, 3-і овертаймда. 15 жеңіліс ойынның негізгі уақытында, 6-ы буллитте. 72 ұпай, «Шығыс» конференциясында 7 орында.

Шайбалар: 133 соғылды, 95 өткізген.

Үздік шабуылшы:  Әлихан Әсетов – 32 (15+17) ұпай

Үздік сұрмерген: Әлихан Әсетов – 15 шайба  

Үздік қорғаушы: Мадияр Ибрайбеков – 19 (6+13) ұпай       

Негізгі қақпашы: Артем Леонтьев – 31 ойын, 16 жеңіс, сенімділік коэффициенті – 1.90, соққыны қайтаруы – бір ойында 92.1 пайыз.

Бұған дейінгі кездесулер:

5 қыркүйек 2015, Уфа «Толпар» - «Снежные Барсы» - 6:0 (2:0, 2:0, 2:0)

26 ақпан 2016, Астана. «Снежные Барсы» - «Толпар» - 5:4 ОТ (0:1, 2:1, 2:2, 1:0)

Бөлісу: