Мусоров Барыста қалады
03 шілде

"Барыс" хоккей клубы шабуылшы Максим Мусоровпен келісімшарт жасағаны туралы ресми түрде хабарлайды. Екіжақты келісім екі жылға есептелген (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

"Барыс" БЖСМ-нің 20 жасар түлегі 2017 жылдан бастап клуб жүйесінің командасы үшін өнер көрсетіп келеді. Өткен жылы ол ҚХЛ тұрақты чемпионатында 19 матч ойнап, пайдалылық көрсеткіші +3 болған кезде өз активіне 4 (2 +2) балл жазып алған. Сондай-ақ Максим ҚХЛ плей-офф кезеңінде екі кездесу өткізіп, дебют жасады.

"Барыс" ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Бөлісу: