Мэтт Фрэттин «Барыс» командасына қайта оралады
19 мамыр

Шабуылшы Мэтт Фрэттин «Барыстағы» маңсабын жалғастырады. Бір жақты келісімге 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін бір маусымға қол қойылды.   
 
Бұл Фрэттиннің «Барысқа» үшінші келуі, бұған дейін командада ол 2017/18 және 2018/19 маусымдарында өнер көрсетті.  
Өткен кампанияда 32 жасар канадалық форвард «Ақ Барыстың» түстерін қорғап, тұрақты чемпионаттың 60 ойынында және плей-оффта 33 (11+22) ұпай жинады. Қазан клубымен Мэтт ҚХЛ Шығыс конференциясының жеңімпазы атанды.  
ҚХЛ-да Мэттью Фрэттиннің есебінде барлығы 166 матч пен 112 (48 + 64) ұпай, пайдалылық көрсеткіші +16.  
 
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. 

Бөлісу: