МАКСИМ СЕМЁНОВ: «КОМАНДА БІР ҒАНА ҮШТІКПЕН ОЙНАМАЙДЫ»
16 сәуір

Қазақстан құрамасының және «Барыс» ХК қорғаушысы Максим Семёнов Мәскеуде өтетін әлем чемпионатына қандай көңіл-күймен баратындығын Vesti.kz тілшісіне айтып берді.

- Барлығы жақсы. Көктемгі көңіл-күй де тамаша. Турнирге дайындалып жатырмыз.

-  Максим, мен Сізді Павел Воляның концертінен көрдім. Жаттығу поцесінен бой жазып алуға мүмкіндік болды ма?

- Маған концерт өте ұнады. Шынын айтсам, дәл солай болады деп ойлаған жоқпын. Осыдан кейін әлгі әртіске деген құрметім арта түсті. Екі жарым сағат бойы ешкімді алмастырмай бір өзі ғана көрерменді аузына қаратып қойды.

- Мәскеуде Қазақстан құрамасында да еш алмасу болмай жақсы өтеді деп үміттенеміз.

- Мәсеуде бір адам ғана емес, толық команда өнер көрсетеді. Сондықтан біз осы жерге келіп, жаттығудағы барлық ауыртпалықты көтеріп жатырмыз. Қолымыздан келгенді жасауға тырысудамыз. Тіпті шамамыздан асырып та жатқан шығармыз. Алда не тұрғанын барлығы жақсы түсініп отыр. Элиталық топқа бір кіріп, бір шығудан шаршадық. Енді сол топта қалғымыз келеді. Әлем чемпионаты Қазақстаннан алыс елде өтіп жатқан жоқ. Сондықтан бізге қолдау білдіретін жанкүйерлер де болады  деп ойлаймын. Ойын барысын қазақстандықтардың бақылып отыруына да жеңіл.

-  Турнирде «Барыстың» негізгі тобындағы ойыншылар көмектеседі деп үміттеніп отырмыз. Солардың қатысуымен шабуыл жүргізу бұрынғыдан қарағанда жеңіл болады ма?  

- Әрине, барлығы соған үміт артады. Алайда команда бір ғана үштікпен ойнамайды. Барлығы да жауапкершілікті толық сезінуі керек. Сол себепті әлгі үштік бізге гол соғып береді екен деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Сондықтан жеңітін де, жеңілетін де команда. Жалпы мен үштікке, бестікке бөлінуге қарсымын. Команда бір. Кездесу барысында кейбіреуі көбірек, кейбірі аздау ойнауы мүмкін. Ұжым болған соң барлығы жұмылған жұдырықтай ортақ іске күш салады.

- Жаттығудағы ойынды бақылаған болсаң, әдеттегідей емес, нағыз мұздағы айқасқа ұқсайды...

- Бір жарым ай демалыс болғанын барлығы жақсы түсінеді. Хоккей қалай ойнау керектігін еске түсіру керекпіз. Жоғары жылдамдықта ойын өрнегін көрсету қажет деген бапкердің тапсырмасы болатын.  Сол себепті барлығы тырысты. Алайда айдындағы үшінші кезең ауыр өтті. Физикалық дайындық пен эмоциялық жағынан жетіспеушіліктер болған сияқты. Сондықтан бір жарым айлық демалыстан кейін, қалыпқа  қайта оралу қажет.  

 

Дереккөз: Vesti.kz

Бөлісу: