Леонид Метальников ұзақ мерзімге кетті
29 желтоқсан

"Барыс" қорғаушысы Леонид Метальников жарақат алғандар тізіміне ауыстырылды. Ол тағы бір жаттығу кезінде қатты жарақат алды. Толық қалпына келтіру және жұмысқа оралу үшін ұзақ уақыт қажет болады.

Метальников ҚХЛ ағымдағы тұрақты чемпионатында 27 матч өткізіп, өз активіне 4 нәтижелі пас жазып алған еді.

Леонидке тезірек сауығып, қатарға оралуды тілейміз!

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

Бөлісу: