Леонид Метальников-ЖХЛ 2018/2019 үздік қорғаушысы
01 маусым

  "Барыс" командасының жаңа ойыншысы Леонид Метальников өткен маусымның қорытындысы бойынша ЖХЛ чемпионатының үздік қорғаушысы атанды. Өскемендік "Торпедо" шәкірті өз мансабының көп бөлігін туған клубта өткізді, бірақ ЖХЛ бас жүлдесіне "Сарыарқаның" сапында ие болды. Қарағандыға Метальников маусым басталмас бұрын, атақты бапкер Кари Хейккильдің көзіне түсіп, ал финн отставкаға шыққаннан кейін Леонид Тамбиевтің сенімін жаулап алып барды.

Тұрақты чемпионатта Метальников 22 (7+15) ұпай жинады, кубоктық раундта статистикаға 10 (4+6) ұпай қосты. Пайдалылықтың жиынтық көрсеткіші "+26"құрады.

 

Бөлісу: