ҚХЛ. Северсталь – Барыс 5:2
24 қыркүйек

«Барыс» қонақтағы ойындар сериясының алғашқы матчында «Северсталь» командасына жол берді. Линден Вей денсаулық жағдайына байланысты кездесуді өткізіп алды. Қатарынан екінші матчты Юлиус Гудачек бастады.

Оның құрғақ сериясы 62 минутқа созылды. Айдын иелері Дмитрий Моисеевке жазылған сәл-пәл күлкілі шайбасынан кейін есеп ашты. Осы голдан кейін «Северсталь» шайбаны бақылап, ұзақ уақыт бойы қарсылас аймағында ойнады. Алайда, командалар үзіліске тең есеппен кетті. Джереми Бракко үзіліске 29 секунд қалғанда Антон Сағадеевке қарсылас қақпасының алдында пас берді, ал «Барыстың» 89-нөмірі жақын қашықтықтан мүлт кетпеді.

Екінші кезеңде Кирилл Пилипенко мен Руслан Абросимовтың күшімен екі рет голға ұластырылған көпшіліктің арқасында «Северсталь» есепте тағы да алға шықты. Біраз уақыттан кейін Александр Петунин гол соғып, «Барыстың» жаттықтырушылар штабын қақпашыны ауыстыруға мәжбүр етті – мұзға Никита Бояркин шықты. Кезең соңында Джереми Бракко астаналықтарды ойынға қайтарды.

Бірақ Андрей Скабелканың шәкірттері матчты құтқара алмады. Моисеев қақпашымен бетпе-бет шығып, қос шайбаның авторы атанды. Қазақстандықтар қатарынан бесінші рет сырт айдында жеңіліс тапты.

26 қыркүйек кұні Ярославль қаласында «Барыс» «Локомотивпен» ойнайтын болады.

«Северсталь» – «Барыс» 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)

1:0 – 02:02 – Моисеев (Колмыков, Хабаров)

1:1 – 19:31 – Сағадеев (Бракко, Михайлис)

2:1 – 21:40 – Пилипенко (Вовченко, Пресс) КГ

3:1 – 24:28 – Абросимов (Морозов, Лишка) КГ

4:1 – 28:09 – Петунин (Хабаров, Тихонов)

4:2 – 38:56 – Бракко (Грэм, Михайлис) КГ

5:2 – 48:42 – Моисеев (Думбадзе, Колмыков)

Қақпашылар: Шугаев – Гудачек (Бояркин, 28:09-60:00)

«Мұз Сарайы». 4255 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: