ҚХЛ. Северсталь - Барыс. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
25 қыркүйек

«Северсталь» - «Барыс» матчынан кейін (5:2) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Андрей Скабелка, «Барыстың» бас жаттықтырушысы

- «Северсталь» керемет ойнады. Барлық үш кезеңді бірдей қарқынмен өткізді. Жеңіс, жалпы алғанда, лайықты болды. Біздің командаға келетін болсақ, алғашқы сырт айдында өтер матчқа команданы дайындау бұл менің жұмысым шығар. Бірақ ойлағандай болмады. Екі кезеңді, үшінші кезеңді де біз тиісті энергиясыз өткіздік. Жеңіске жету үшін көбірек тырысу қажет еді. Біз бүгін үй айдынында өткізген матчтармен салыстырғанда өз өзімізге ұқсамадық, себебі біз ол ойындарда көптеген соққыларды бұғаттап, жанқиярлық таныттық. Бұл бізге жақсы сабақ болады деп үміттенемін.

- Команда қатарынан төрт матчта екі шайбадан соғуда. Кейде бұл жеңіс үшін жеткілікті болды, кейде жетпей жатты. Бұл дегенмен қорғаныс мәселесі ме, әлде гол соғуға назар аудару керек пе?

- Барлығы бірге. Жеке қорғаныс, жеке шабуыл деген жоқ. Егер сенімді, жанқиярлықпен қорғаныста ойнайтын болсаң, қарсы шабуылға, гол соғуға мүмкіндік пайда болады. Біз екі голдан соқтық па? Бізде гол соғуға деген әлдеқайда көбірек сәттер болды. Мұнда тепе-теңдік болуы керек және команда оны түсінуі тиіс.

Евгений Михалкевич, «Северсталь» бас жаттықттырушысының м. а.

- Ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Бүгін жақсы қолдау болды, көп жанкүйерлер келді. Біздің басқаша ойнауға құқығымыз жоқ еді. Бүгін көп нәрсе қолымыздан келіп жатты.

- Көпшілікте жақсы ойын өрнегін көрсеттік. Бұны немен байланыстырар едіңіз?

- Көпшілікте қалай ойнау қажет екенін талдадық. Бұл көп жағдайда талдау. Бүгін бізде шайба жақсы жүрді, пастарымыз дәл болды. Қақпаға көп соққы бағыттадық. Қарсыластың қақпашысы үнемі ойынға араласуға мәжбүр болды. Екінші кезең өте маңызды болды. Бұған дейін екінші кезеңдерде ұтылып едік. Жігіттерді әдейілеп екінші кезеңге дайындадық. Және бұл ойымыз өз жемісін берді.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: