ҚХЛ. Петухов Барыста бір жылға
28 шілде

«Барыс» хоккей клубы Егор Петуховпен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Екі жақты келісім бір маусымға жасалған (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Петухов «Барыс» жүйесінің командаларында 2015 жылдан бері өнер көрсетуде. Өткен маусымда Қазақстан құрамасының шабуылшысы ҚХЛ-да 44 ойын өткізіп, нәтижелілігі үшін 7 (4+3) ұпай жинады. Элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында Егор 7 ойынға қатысып, өз еншісіне 3 (2+1) ұпай жазды.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: