КХЛ. Сібір – Барыс матчының алдында
26 қазан

«Барыс» матчтың Новосібірде өтетін қонақтағы жаңа сериясын бастауда. Бүгін Юрий Михайлистің шәкірттері «Сібірмен» ойнайды.

Новосібірліктер өткен турда үйдегі мұз айдынында Шығыс көшбасшыларының бірі «Тракторды» - 2:0 есебімен жеңді. «Сібірді» команданың үздік шабуылшысы Ник Шордың (12 ұпай, 4+8) және Александр Шаровтың дәлдеп соққан соққылары, Харри Сятеридің орындауындағы 29 сейв жеңіске жеткізді. Бас жаттықтырушы Андрей Мартемьянов ойыннан кейін бұл матчты үлгілі және негізге алуға болатын ойын болды деп мәлімдеді.

21 ойыннан кейін «Сібір» өз есебінде 17 ұпайға ие болып, Шығыс конференциясында тоғызыншы орынға ие болды. 25 қазанның кешінде жарақат алғандар тізімінде шабуылшылар Виктор Комаров пен Алексей Яковлев болды.

«Барыс» үйдегі қысқа ойындар сериясын сәтсіз өткізді. Жексенбі күні Юрий Михайлистің командасы «Северсталь» командасынан 1:5 есебімен ұтылып қалды. Қарсыластар қақпасына салынған жалғыз шайбаның авторы Аркадий Шестаков болды. Йони Ортио 22 соққыға тойтарыс берді. Команданың үздік шабуылшылары Никита Михайлис пен Кёртис Волк өздерінің нәтижелі серияларын үзіп алды. Андрей Шаянов баспасөз конференциясында Юрий Михайлисті медициналық себептермен алмастырып, айдын иелерінің тәртіппен ойнағысы келгенін, бірақ өрескел қателіктерді жібергенін атап өтті.

Жеңілгеніне қарамастан, Нұр-Сұлтандық команда Шығыста жетінші орынды сақтап қалды. «Барыс» 22 матчта 18 ұпай жинады. Жарақат алғандар тізімінде қорғаушы Джо Морроу бар. 

Ағымдағы маусымда қарсыластар қыркүйек айының соңында Қазақстан астанасында бір ойынды өткізген болатын. Овертаймда 2:1 есебімен айдын иелері жеңіске жетті.

 

«Сібір» МСС-дағы матч елорда уақытымен 18:30-да басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport арнасында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 2,10 | Х – 4,10 | П2 - 3,00.

 

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Бөлісу: