КХЛ. Барыс - Локомотив матчының алдында
22 қазан


«Барыс» «Локомотивпен» үйдегі екі матчтық серия ойынын бастайды.

Ярославль қаласының ұжымы сейсенбі күні күтпеген жерден үйдегі мұз айдынында «Адмиралдан» жеңіліп (1:3), төрт матчтан құралған жеңістер сериясын үзіп алды. Владивосток қаласынан келген команданың қақпасына соғылған жалғыз шайбаның авторы Павел Красковский болды. Қақпашы Даниил Исаев 13 соққыға қарсы төтеп берді. «Локомотивтің» жаттықтырушысы Игорь Никитин баспасөз мәслихатында оның шәкірттерінде матчтарды оңайлықпен жеңе алатындай шеберліктің жоғын атап өтті.

19 матчта «Локомотив» 22 ұпай жинады. Қазіргі таңда бұл Батыстың турнирлік кестесіндегі алтыншы нәтиже. Денис Алексеев (5+8 ұпай) және Рид Буше (4+9 ұпай) команданың ең нәтижелі ойыншылары болып табылады. Сәрсенбі күні «Локомотив» өз мансабының көп уақытын Ұлттық хоккей лигасында өткізген тәжірибелі орталықтан шабуылдаушы Артём Анисимовпен келісімшарт жасасқаны туралы хабарлады. Жарақат алғандар тізімінде Андре Петерссон мен Егор Аверин бар.

«Барыс» өткен турда Минсктің «Динамо» клубынан жеңіліп, батыстағы сапарын аяқтады - 5:6. КХЛ-дағы алғашқы хет-трикпен Якоб Лилья, дубльмен Даррен Диц ерекшеленді. Йони Ортио 28 соққыға төтеп берді. Үшінші кезеңнің ортасында Ортионы ауыстырған Никита Бояркин қақпаны 6 рет қорғап қалды. Кездесуден кейін Юрий Михайлис оның командасының қорғаныста нашар ойнағанын және командадан шығарылғандардың көп болғанын атап өтті.

«Барыс» 20 кездесуден 18 ұпай жинады. Бүгінгі таңда бұл Шығыс конференциясында жетінші орынды иеленуге мүмкіндік береді. Команданың үздік шабуылшысы Никита Михайлистің есебінде 22 (9+13) ұпай бар, бұл Лигадағы жетінші нәтиже. Қорғаушы Джо Морроу әлі лазаретте жатыр. Коди Куниктің матчқа қатысуы әлі белгісіз.

Ағымдағы маусымда «Барыс» пен «Локомотив» Ярославль қаласында бір кездесу өткізген болатын. Қазан айының басында мұз айдынының иелері 4:3 есебімен жеңіске жетті.

 

Матч астана уақытымен 19:30-да «Барыс-Аренада» басталады.

Барыс LIVE тікелей эфир студиясы Динара Байқадамова және Жігер Азбергеновпен бірге астана уақытымен 18:50-де басталады.

Тікелей көрсетілім Qazsport және KHL арналарында, сондай-ақ біздің сайтта және Google Play Market пен App Store-да жүктеуге қолжетімді ресми мобильді қосымшада өтеді.

Алдағы матчқа билеттерді «Барыс-Арена» кассаларынан, сондай-ақ біздің онлайн-сервистен сатып алуға болады. Матчтарға «жасыл» мәртебесі бар адамдардың ғана жіберілетініне назар аударуды сұраймыз.

Fonbet – «Барыс» ХК ресми букмекерлік компаниясы алдағы матчқа келесі коэффициенттерді ұсынады: П1 – 3,20 | Х – 4,25 | П2 - 2,00.

 

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

 

Бөлісу: