ҚХЛ. Кёртис Волк 200 матч өткізді
18 қазан


 

Кешегі СКА-мен матч Кёртис Волк үшін Құрлықтық хоккей лигасында 200-ші ойын болды. Айта кету керек, Қазақстан құрамасының шабуылшысы бұл ойындардың барлығын «Барыс» жейдесінде өткізді.

Осы уақыт ішінде ол 104 (33 + 71) ұпай жинады, мұз айдынында орташа есеппен матчта 18 минут жұмсады. Ағымдағы маусымда Волк команданың ең үздік бомбардирлерінің бірі болып табылады. Оның 19 тартысынан 18 (5 + 13) ұпайы бар.

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: