ҚХЛ. Барыс – Северсталь 1:5
24 қазан

«Барыс» пен «Северсталь» арасындағы матчта Череповец қаласының ұжымы басым түсті.

«Барыстың» жаттықтырушылар штабы кезекті матч алдында ойыншылардың үйлесімін тағы да өзгертті. Эрик Мартинссон құрамнан тыс қалды, оның орнын Роман Савченко басты.

Қонақтар бастапқы кезеңді белсенді өткізді және бірнеше қауіпті сәттер жасап үлгерді. Кезеңнің екінші жартысында «Барыс» ойынды теңестіре алды. Алайда, «Северсталь» үзіліске дейін өз көздегеніне жетті. Голдың жаршысы Ортиомен бетпе-бет шыққан Роберт Рооба болды. Егер бұл эпизодта айдын иелерін қақпашының реакциясы мен қақпа бағанасы құтқарып қалса, келесі шабуылда Адам Лишкаға есепті ашуға ештеңе кедергі болмады.

Екінші кезеңде қазақстандықтар белсендірек болды. Бірақ Череповец қаласынан келген команда қарсыластың шабуылдарына төтеп берді және өзінің азғана сәттерінің бірін голға асырды – көзге түскен Якоб Стенквист.

«Барыс» ойынның 44 минуты өткен шақта Шугаев қорғаған қақпаға гол соқты. Қарсы шабуылдың ұшында Аркадий Шестаков болды, ол шайбаны қақпа маңдайшасының астына жіберді. «Северсталь» екінші нөмірмен ойнауды жалғастырып, тағы бір гол сәтін күтті. Игорь Гераськин бөтен аймақтағы шайбаны қағып алып, Ортио қорғаған қақпаны дәл көздей алды. Біраз уақыттан кейін Рооба дубль жасап, Владислав Кодола алаң иелерінің қақпасына бесінші шайбаны соғып кетті.

Енді «Барыс» қонақ ойындар сериясына аттанады. 26 қазанда біздің команда Новосібірде «Сібірмен» ойнайтын болады.

«Барыс» – «Северсталь» 1:5 (0:1, 0:1, 1:3)

0:1 – 18:56 – Лишка (Гуслистов)

0:2 – 32:10 – Стенквист (Гераськин, Тимашов)

1:2 – 44:00 – Шестаков (Гурков, Савицкий)

1:3 – 50:57 – Гераськин

1:4 – 55:49 – Рооба (Лишка)

1:5 – 58:03 – Кодола (Пресс)

Қақпашылар: Ортио – Шугаев

«Барыс-Арена». 5022 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: