КХЛ. Барыс – Северсталь-2:3
10 қазан


 Сенбі күні "Барыс" ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті матчын өткізді. Өз аренасында біздің команда "Северсталь" командасын қабылдады. Қақпаға Йони Ортио жайғасты, Денис Каратаев өтінімге кірді, Линус Виделль, Егор Шалапов және Әлихан Әсетов құрамға қайта қосылды. 
Қонақтар кездесуді жақсы бастап,  4-ші минутта екі рет лақтырыс жасады- команданың жас шабуылшылары Игорь Гераськин мен Адам Лишка көзге түсті. Кезеңнің соңына дейін Лишка алшақтықты үш шайбаға дейін арттырды. "Барыс" тек екінші кезеңде ғана жауап бере алды да, мұнысын бір минутқа жетер жетпес уақытта іске асырды-Егор Петухов қақпа алаңқайында "Северсталь" командасының қорғанысы мен қақпашы Дмитрий Шугаевты өз қақпасына шайба қабылдауға мәжбүр етті. Келесі ауысымда өте сәтті рикошет  Кёртис Волктың арқасына дәл тиіп, шайба Блэкердің лақтырысынан соң жақын бұрышқа сырғып кетті. Үшінші кезеңде салынған  қалған шайбалар болған жоқ, "Барыс" ұтылып қалды – 2:3
 Алда "Барыстың" Уфа – Мәскеу – Қазан бағыты бойынша көшпелі сериясы өтеді. "Салават Юлаевпен" кездесу 12 қазанда өтеді.

"Барыс" – Северсталь – 2:3 (0:3, 2:0, 0:0)

0:1 Гераськин (Капустин) 00:27
0:2 Лишка (Яковлев, Адамчук) 03:06
0:3 Лишка (Морозов, Каримов) 11:27
1:3 Петухов (Асетов, Сведберг) 30:29
2:3 Волк (Лилья, Блэкер) 31:17
 
Қақпашылар: Ортио – Шугаев
Барыс Арена. Көрермендерсіз.
 


"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ"  АҚ
 

 

Бөлісу: