ҚХЛ. Барыс – Салават Юлаев 3:6
14 қаңтар

Үй сериясының екінші матчында «Барыс» «Салават Юлаев»-тың
командасынан жеңіліп қалды.
«Барыстың» жаттықтырушылар штабы «Ақ Барспен» болған ойыннан кейін
құрылымда бірнеше өзгеріс жасады. Мұзға қорғаушы Самат Данияр, сондай-
ақ шабуылшылар Дмитрий Гурков пен Егор Петухов шықты. Бірінші
минуттан бастап қақпада Йони Ортио тұр.
Матч есебін қонақтар ашты - Филип Ларсен сол жақ шеңберден шайба
тастап, ерекшеленді. Екінші кезеңнің басында Кирилл Панюков шайбаны
қонақтардың қақпасына кіргізіп, таблодағы есепті теңестірді. Әрі қарай, мұз
иелері көпшілікті екі рет пайдаланып қалды. Кіргізілген шайбалардың
авторлары Якуб Лилья мен Никита Михайлис болды. Алайда, уақыт
аяқталғанға дейін, уфалықтар Сакари Маннинен мен Джефф Плэтт шайбаны
екі рет дәл соғып, жауап берді.
Ойынның қалған бөлігі қонақтардың басымдылығымен өтті. Александр
Алексеев пен Маркус Гранлунд бір-бір шайбадан соғып, Ортионың көңілін
біраз түсірді. Соңғы минуттарда Петр Хохряков «Барыстың» бос қақпасына
шайба жіберіп, қорытынды есепті орнатты.
17 қаңтарда Юрий Михайлистің шәкірттері үй мұзында «Амур» командасын
қабылдайды.
«Барыс» – «Салават Юлаев» 3:6 (0:1, 3:2, 0:3)
0:1 – 13:56 – Ларсен (Гранлунд, Маннинен)
1:1 – 22:57 – Панюков (Фрэттин, Вароне)
2:1 – 28:15 – Лилья (Виделль, Диц) ГБ +2
3:1 – 29:03 – Михайлис (Орехов) ГБ
3:2 – 32:04 – Маннинен (Кадейкин, Гранлунд)
3:3 – 37:49 – Плэтт (Науменков, Кугрышев) ГБ
3:4 – 41:36 – Алексеев (Кугрышев, Картаев)
3:5 – 47:08 – Гранлунд (Хартикайнен)
3:6 – 58:02 – Хохряков ГМ ПВ
Қақпашылар: Ортио – Тарасов
«Барыс-Арена» КФМА. 0 көрермен
«Барыс» ХК Бас серіктесі -» Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ»

Бөлісу: