ҚХЛ. Барыс – Локомотив 1:4
22 қазан

«Барыс» пен «Локомотив» арасындағы матчта Ярославль ұжымы басым түсті.

Бастапқы кезең қонақтардың басымдығымен өтті. «Локомотив» белсенді ойнап, бұл өз кезегінде Артем Анисимов соққан шайбаға ұласты. Максим Шалунов екінші кезеңде өз командасының басымдығын еселей түсті. «Барыс» кезең соңына қарай алты минут бойы көпшілікте ойнады, бірақ бұл жағдайды өз пайдасына жүзеге асыра алмады.

Якоб Лилья үшінші кезеңнің басында алаң иелерін ойынға қайтарды. Бірақ Алексей Марченко ойындағы кезекті көпшілікті жүзеге асырып, есептегі айырмашылықты қалпына келтірді. Матчтағы нүктені тағы да көпшілікті голға ұластырған Павел Кудрявцев қойды.

24 қазанда Юрий Михайлистің шәкірттері «Северсталь» командасымен үй айдынында ойын өткізетін болады.

«Барыс» – «Локомотив» 1:4 (0:1, 0:1, 1:2)

0:1 – 15:28 – Анисимов (Исаев, Паскуале)

0:2 – 27:28 – Шалунов КГ

1:2 – 43:28 – Лилья (Михайлис, Волк)

1:3 – 54:23 – Марченко (Алексеев, Шалунов) КГ

1:4 – 57:35 – Кудрявцев (Красковский) КГ

Қақпашылар: Бояркин – Паскуале

«Барыс-Арена». 5006 көрермен

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: