КХЛ. Амур – Барыс 5:1
06 қаңтар

"Амур" мен "Барыс" арасындағы екінші матчта Хабаровск ұжымы мықтырақ
болды.
Алаң иелері бірінші кезеңнің ортасында Кирилл Рассказовтың күшімен есеп
ашты. Үзілістен аз уақыт бұрын Гинек Зогорна азшылықта нөлге түсіп, өз
мүмкіндігін еш кедергісіз жүзеге асырды. Екінші кезеңнің басында Гинек
дубль ресімдеді, ал сәл кейінірек Александр Горшков төртінші шайбаны
Ортио қақпасына жіберді. Екінші үзілістен кейін Даррен Диц "Барысты"
ойынға қайтарды. Бірақ Нұр-Сұлтандық команда одан әріге бара алмады.
8 қаңтарда Юрий Михайлистің шәкірттері Екатеринбургте
"Автомобилистпен" ойнайды.
«Амур» – «Барыс» 5:1 (2:0, 2:0, 1:1)
1:0 – 09:19 – Рассказов (Терещенко, Зогорна Т.)
2:0 – 17:30 – Зогорна Г. ГМ
3:0 – 21:51 – Зогорна Г. (Зогорна Т.)
4:0 – 32:20 – Горшков (Голубев) ГБ
4:1 – 40:32 – Диц (Вароне, Фрэттин)
5:1 – 58:48 – Бутузов (Лугин) ПВ
Қақпашылар: Лангхамер – Ортио
КМС "Платинум Арена". 2150 көрермен

Барыс ХК бас серіктесі -Самұрық-Қазына ҰӘҚ АҚ

 

Бөлісу: