КХЛ. Амур – Барыс 4:5 Б
04 қаңтар

2021 жылғы бірінші матчта "Амур" мен "Барыс" жеңімпазды тек буллиттер сериясында ғана   анықтады.

Қонақтар есепті бірінші кезеңнің ортасында ашты – Панюков-Фрэттин буыны ойын көрсетті де,  соңғысы өзінің нәтижелі сериясын ұзартты. Бірақ үзіліске дейін "Амур" қатар сапының көптігімен кһзге түсіп, Полунин мен Лугиннің күшімен алға шықты.

Екінші кезеңде Йордан еш кедергісіз сырғанап өтіуінен соң  қожайындардың артықшылығын нығайтты. Әрі қарай қазақстандықтар екі рет дәлдеп соқты-Акользин (маумымдағы бірінші шайба) және Старченко көзге түсті.

Ойынның қорытынды үштен бір бөлігінде қарсыластар нәтижелі шабуылдармен алмасты. Салынған шайбалар Терещенко мен Михайлистің есебінде. Ойын әр қоманданың мүмкіндігі болған овертаймға өтті, дегенмен 65 минут ішінде қарсыластар бір-біріне есе жібермей, жеңімпаз сол күйі анықталмады.

Буллиттер сериясында "Барыстың" жүйкесі сыр берген жоқ.

6 қаңтарда Юрий Михайлистің шәкірттері тағы да Хабаровскіде Амурмен ойнайды.

"Амур" – "Барыс" 4:5 (2:1, 1:2, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:52 – Фрэттин (Панюков)

1:1 – 14:25 – Полунин

2:1 – 17:40 – Лугин (Бутузов, Пьянов) ГБ

3:1 – 27:49 – Йордан (Корягин, Зогорна Т.)

3:2 – 32:54 – Акользин (Мусоров)

3:3 – 34:41 – Старченко (Блэкер, Михайлис)

4:3 – 52:07 – Терещенко (Пьянов) ГБ

4:4 – 52:55 – Михайлис (Акользин, Диц)

4:5 – 65:00 – Старченко Б

Қақпашылар: Аликин – Карлссон

КМС "Платинум Арена". 2150 көрермен

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

Бөлісу: