Йони Ортио Барыста тағы бір маусымға қалды
09 мамыр

Фин қақпашысы Йони Ортио «Барыспен» біржақты келісімшартты тағы бір маусымға 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартты.

Өткен маусымда Ортио «Барыстың» құрамында 2100 минуттан астам уақыт өткізді. Оның активінде 14 жеңіс және 2 құрғақ матч бар. Қайтарылған берілістердің пайызы – 91. Орта есеппен қақпашы бір ойында 2,64 шайбадан жіберді.

Бөлісу: