Гренц, Клепко және Сейтанов Барыстың жүйесінен кетті
04 қаңтар

"Барыс" хоккей клубының жүйесінен шабуылшылар Дмитрий Гренц, Иван Клепко және Азиз Сейтанов шықты. Спортшылармен жасалған келісімшарттар тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Гренц ағымдағы маусымда ҚХЛ-да он матч ойнады және өз активіне бір нәтижелі пас қосты. Қазақстан чемпионатында Дмитрий 8 (3+5) ұпай жинап, он ойын өткізді.

Клепко "Номад" жейдесінде 18 жекпе-жек өткізіп, өз активіне 8 (2+6) ұпай жазды. Сейтанов Pro Ligasy алты матчында мұзға шықты.

"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

 

Бөлісу: