Барыс БЖСМ іріктеу жариялайды
14 шілде

2021 жылдың 15 тамызында "Барыс" БЖСМ 2016 жылы туған ұлдарды қабылдау үшін өз есігін айқара ашады. Команданың жаттықтырушысы Серғазинов Каербек Мырзабекұлы болады.

Жазылу сағат 10:00-де Тұран даңғылы, 57, "Барыс-Арена" мекенжайы бойынша басталады, кіру БЖСМ жағынан (егер аренаға тік қарайтын болсақ, онда солға бұрылып, "БЖСМ" нұсқауына дейін бойлай жүру керек).  

Сізде болуы керек:

- 3х4 өлшемдегі 2 фотосурет ;

- балабақша/мектептен анықтама;

- хоккеймен айналыса алатындығы туралы педиатрдан анықтама;

- туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесі;

- толтырылған сауалнама мен өтініш, үлгі мен шаблонды мына жерден жүктеуге болады.

"Барыс" БЖСМ-де оқу тегін.

Сондай-ақ, 2015 жылы туған балаларды да қабылдау жалғасуда. Барлық ақпаратты телефон арқылы білуге болады:

+7 7172 61 35 23;

+7 777 636 46 31.

"Барыс" ХК Бас серіктесі - "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ

Бөлісу: