Барыс БЖСМ қабылдау жариялайды
02 тамыз

2022 жылдың 15 тамызында «Барыс» БЖСМ 2017 жылы туған ұлдарды қабылдауды өткізеді. Алексей Николаевич Коптяев команданың жаттықтырушысы болады.

Жазу сағат 10:00-ден Тұран даңғылы, 57, «Барыс-Арена» мекенжайы бойынша басталады, кіру БЖСМ жағынан (егер тікелей аренаға қарайтын болсақ, онда солға бұрылып, «БЖСМ» көрсеткішіне дейін жүру керек).

Келесі құжаттар қажет болады:

- 3х4 форматтағы 2 фотосурет;

- балабақшадан/мектептен анықтама;

- бала хоккеймен айналыса алатындығы туралы педиатрдың анықтамасы;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- ата-аналардың жеке куәлігінің көшірмесі;

- толтырылған сауалнама мен өтініш.

«Барыс» БЖСМ-де оқыту тегін.

Барлық ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:

+7 7172 61 35 23;

+7 705 522 7022;

+7 775 188 2805.

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бөлісу: