ДМИТРИЙ ГРЕНЦ: «ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОЙНАСАҚ ЖАҚСЫ БОЛАР ЕДІ»
18 сәуір

Ұлттық команданың құрамын жас ойыншылармен жасарту жөніндегі сұрақ, хоккей сүйер қауымды қатты қызықтырып отыр. Сондай жас хоккейшінің бірі 19 жастағы Дмитрий Гренц. «Барыс» клубында ойнап үлгерген форвард, Sports.kz интернет-прорталының тілшісіне ұлттық команда сапындағы жаттығудан алған әсерімен бөлісті.

- Дима, біз сені өткен жылы да көрген едік. Екі жақтың жаттығу жиынына қатыстың ба?

- Өткен жылы ол жақта бір ойыншы кетіп қалғаннан кейін екі жақтың жиынына қатысуға мүмкіндік берді. Сондықтан, биыл бірінші рет қатысып отырмын.

- «Снежные Барсы» клубының биылғы маусымын қалай бағалайсың?

- Маусым жаман болған жоқ. Плей-офф кезеңіне де өттік. Одан әрі де ойнауға болар еді. Күш жетпеді ме, әлде сәттілік жолдас болмады ма жарыс жолынан екінші кезеңде шығып қалдық. Жалпы «Барыстағы» және «Снежные Барсы» командасындағы биылғы маусымыма ризаман.

-  Екі жақта жүріп ойнаған қиын болған жоқ па?

- Алғашында қиындау болды. Кейін орнығып алғаннан соң үйреніп алдым.

- Харламов Кубогы бәсекесіндегі 6 кездесудің екінші овертаймында жеңілген өкініш болған шығар?

- Ия, өкінішті. Гол өткізіп алғанда қатты қынжылдық. Сырт  айдында қақпамызға шайба кіргізіп алсақ қиын болатындығын әу баста түсінгенбіз. Амал қанша солай болды.

- Білесің бе, ұлттық құрамада орталық форвард тапшы және сол орынға сені қойса сәтті болады деп айтармедің?  

- Сәтті болатын шығар, бірақ білмедім. Әлем чемпионатында ойнасақ жақсы болар еді. Мәскеуге барып, биылғы хоккейдің басты додасына қатысу деген керемет қой.  Тіпті қосалқы құрамда барғанның өзінде.  

- Жаттығу ауыр өтіп жатыр ма?

- Ия, айтарлықтай ауыр. Бапкердің салған жүктемесі жеткілікті. Зал, одан кейін велосипед, содан соң мұздағы жаттығу. Қатты шаршаймыз.

 - Қазір бірінші топта жаттығып жүрсің бе?

- Әзірге біріншідемін. Мүмкін, кейінрек ауыстыратын шығар.

Деркекөз: sports.kz

Бөлісу: