Диас Гусейнов екі жылға «Барыс» ХК-ның құрамына кірді
11 шілде

«Барыс» хоккей клубы шабуылшы Диас Гусейновпен келісімшарт жасағаны туралы ресми түрде хабарлайды. Екіжақты келісім екі маусымға есептелген (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).

Диас «Барыс» БЖСМ түлегі болып табылады. Соңғы жылдары ол «Қар барысының» көшбасшысы болған. Жарақатына байланысты өткен маусым шабуылшыға толық нәтиже бермеді. Алайда Гусейнов Қазақстан чемпионатында 7 матч өткізіп, өз активіне 9 (3+6) ұпай жазып үлгерді.

«Барыс» ХК Бас серіктесі - «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: