Давид Мұратов Барыс жүйесінде қалады
07 мамыр

Қорғаушы Давид Мұратов «Барыстың» біліктілік ұсынысын қабылдады.
Екіжақты келісім екі маусымға есептелген (2023 жылғы 30 сәуірге дейін).
20 жастағы қорғаныс ойыншысы «Барыс» БЖСМ түлегі. Өткен маусымда ол
Қазақстан чемпионатында «Снежные Барсы» құрамасында ойнады. 40 матчта
Давид 3 (1+2) ұпай жинап, шектеу қойылған берілістер бойынша өз
командасының көшбасшысы болды. Pro Ligasy тұрақты чемпионаты
аяқталғаннан кейін Мұратов еліміздің жастар чемпионатының плей-офф
кезеңінде 9 кездесу өткізіп, екі нәтижелі пас беріп, «Барыс-Жас»
командасына жартылай финалға жетуге көмектесті.

Бөлісу: