ӘЧ 2021. Қазақстан (көк) - Қазақстан (ақ) 5:4
03 мамыр

Бүгін «Барыс-Аренада» алдағы Әлем чемпионатына дайындық аясында элиталық дивизионда Қазақстан құрамасына үміткерлердің қатысуымен екі жақты жекпе-жек өтті. Дәстүр бойынша құрама сапы екі командаға бөлінді.

Бұл жолы көк киімдегі хоккейшілер мықтырақ болды. Салынған шайбалардың авторлары жеңімпаздар құрамындағы Дмитрий Шевченко, Роман Старченко, Дмитрий Гурков, Александр Писарев және Антон Сагадеев болды. «Ақтар» командасында Никита Михайлис дубльмен ерекшеленді, тағы да Егор Петухов пен Дмитрий Гренц көзге түсті.

«Көктер» құрамы

Демид Еремеев, Андрей Шутов, Алексей Маклюков, Даррен Диц, Леонид Метальников, Иван Степаненко, Мадияр Ибрайбеков, Адиль Бекетаев, Александр Писарев, Максим Мусоров, Саян Данияр, Дмитрий Гурков, Дмитрий Шевченко, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Роман Старченко, Михаил Рахманов.

«Ақтар» құрамы:

Хенрик Карлссон, Никита Бояркин, Виктор Сведберг, Самат Данияр, Егор Шалапов, Валерий Орехов, Кирилл Полохов, Дмитрий Степанов, Артем Лихотников, Дмитрий Гренц, Егор Петухов, Алихан Әсетов, Аркадий Шестаков, Кирилл Панюков, Никита Михайлис, Кертис Волк, Кирилл Савицкий.

Бөлісу: