ӘЧ 2021. Қазақстан (көк) - Қазақстан (ақ) 3:6
29 сәуір

Бүгін «Барыс Аренада» хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамының алғашқы жаттығуы өтті. Жаттығу «көк» және «ақ» командалардың арасында екі жақты ойын форматында өтті.

Жарыс басталар алдында Қазақстан құрамасының ойыншылары өмірден өткен спорттық жанкүйер Людмила Куфонинаны бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесу «ақ» командасының 6:3 есебі бойынша жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында «Барыс» шабуылшысы Никита Михайлис хет-трикпен ерекшеленді. Сондай-ақ Роман Старченко, Кёртис Волк және Кирилл Савицкий ерекше көзге түсті. «Көктерде» енгізілген шайбалардың авторлары Дмитрий Гурков, Павел Акользин және Егор Петухов болды.

«Көктердің» құрамы: Демид Еремеев, Леонид Метальников, Иван Степаненко, Егор Шалапов, Валерий Орехов, Дмитрий Степанов, Павел Акользин, Антон Сагадеев, Дмитрий Шевченко, Әлихан Әсетов, Саян Данияр, Аркадий Шестаков, Дмитрий Гурков, Егор Петухов.

«Ақтардың» құрамы: Андрей Шутов, Алексей Маклюков, Даррен Диц, Виктор Сведберг, Самат Данияр, Кирилл Полохов, Әділ Бекетаев, Максим Мусоров, Дмитрий Гренц, Артём Лихотников, Александр Шин, Роман Старченко, Кирилл Панюков, Никита Михайлис, Кёртис Волк, Кирилл Савицкий.

Бөлісу: