ӘЧ 2021. Қазақстан құрамасының қорытынды құрамындағы Барыстың ойыншылары
09 мамыр

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабы элиталық дивизионда өтетін әлем чемпионатында ойнайтын қорытынды құрамды бекітті. Жарыс Латвия астанасы Ригада 21 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді.

Қақпашылар: Хенрик Карлссон, Андрей Шутов, Никита Бояркин.

Қорғаушылар: Даррен Диц, Алексей Маклюков, Иван Степаненко, Джесси Блэкер, Виктор Сведберг, Егор Шалапов, Самат Данияр, Валерий Орехов, Кирилл Полохов.

Шабуылдаушылар: Роман Старченко, Евгений Рымарев, Антон Сагадеев, Павел Акользин, Александр Шин, Саян Данияр, Әлихан Әсетов, Дмитрий Шевченко, Никита Михайлис, Кирилл Панюков, Дмитрий Гурков, Кертис Волк, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Артем Лихотников, Егор Петухов.

Медициналық көрсеткіштері бойынша Әлем чемпионатына Леонид Метальниковтың қатыса алмайтынын айта кету керек. Жаттықтырушылар штабы жиынға қатысқан барлық хоккейшілерге алғыс білдіреді.

Юрий Михайлис ҚХФ баспасөз қызметіне ойыншыларды таңдау туралы түсініктеме берді.

- Құрамаға шақырылған әрбірі Қазақстанның намысын халықаралық аренада қорғауға лайық. Біз бәрін бақылап, үміткерлерді ең соңғы күнге дейін анықтадық. Таңдау оңайға соқпады. Ең алдымен, хоккейшілерге қайсарлықпен жұмыс істегені үшін алғыс айтқым келеді. Біз өтінімге кірмегендерге болашақта үміт артамыз. Соңына дейін Леонид Метальников жарақаттан сауығып, Ригада бізге көмектесе алады деп күттік. Бірақ екі жақты матчтан кейін ол өзі келіп, жүз пайыз ойнауға дайын емес екендігі туралы айтты. Менің ойымша, бұл нағыз ердің әрекеті. Біз басқа қорғаушыға мүмкіндік бере алдық.

«Барыс» ХК Бас әріптесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бөлісу: