Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
09 мамыр

Бұл- отансүйгіштік, күш-жігер, елдің ұлы ерлігін бейнелейтін мереке! Бұл әлем бойынша миллиондаған адамзаттың бостандығы мен абыройы, жарқын болашағы үшін өз өмірлерін қиған жандардың ерлік күні!

Бұл -жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, жеңіс жалауы желбіреген күн!
Бейбіт күн мен жанұямыздың тыныштығын, туыстарымыздың денсаулығын бағалауға үйреткен Ұлы мереке!
Болашақ ұрпаққа соғыс пен қақтығыстан сақ болуға үйреткен Ұлы мереке!


Баршаңызға дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілейміз!

Бөлісу: