Батырлан Муратов: "Командада барлығы плей-оффқа шыққысы келеді"
20 ақпан

"Снежные Барсы" командасының шабуылшысы Батырлан Муратов өткен әлемдік чемпионаттың ең есте қалған сәттерін атап, тұрақты чемпионаттың қалған матчтарында алға қойылған міндеттер туралы тоқталып өтті.

 - Батырлан, Канадада өткен әлем чемпионатын Қазақстанның жастар құрамасы үшін сәтті болды деп санауға болады. Сол турнирді тағы бір еске алсақ. Ең есіңде қалғаны не болды?

- Бірншісі, бұл – өте мықты шетелдіктерге қарсы ойын. Онда ойнаған хоккейсттердің 95 пайызы ҰХЛ клубтарымен таңдалып алынған. Болашақта көбісі жұлдыздарға айналады. Олармен ойнаған, өз күшімізді сынап көрген қызықты болды. Екіншісі, әрине гол салғым келді. Бұған тек шведтерге қарсы төртінші ойында ғана қолжеткізу мүмкін болды, сәтті секіріс және гол. Айтып жеткізе алмайтын эмоциялар. Сондай-ақ, өмірімнің соңына дейін Канадада болған матчтардағы жанкүйерлілік есімде қалады. Хоккейді ұнататын көптеген әуесқойлар ештеңеге қарамастан келіп, бізге қолдау көрсетті.

- ЖХЛ чемпионатына бейімделу қатты қиын болды ма? Қалыпқа келуге уақыт болмады ғой.

- Оңай бола қойған жоқ. Бірақ, біз барынша тезірек бейімделуге тырысып бақтық. Көп уақыт үйде болған жоқпыз, Канададан келген бетте бірден ЖХЛ матчтарына ұшып кеттік.

 -Қаңтар-ақпанда айтарлықтай ауыр күнтізбе болды және "Снежные Барсы" қажетті ұпайларды жинай алмады. Сол кездесулерде не жетіспеді?   

-Негізінде қалыпты ойнадық және ұпай да жинай алар едік. Алайда, кейде үшінші кезеңдерге күш жетіңкіремеді және дерлік барлық матчтарда біз осы үзіктерде жеңіліп, соңғы минуттарда шешуші шайбаларды өткізіп алдық.

 -ЖХЛ ойындарына "Барстардың" бапкерлері 2002 жылғы жас ойыншыларды қоса бастады. Олардың дебюттарын қалай бағалайсың?  

 - Уақыты келген сияқты. Оған қоса 18 жасқа дейінгі әлем чемпионаты келе жатыр және ЖХЛ-да ойнау оларға тек жәрдем болады деп ойлаймын. Жігіттер тырысып бағады, шайқасып, айбат шегіп қояды, жарап тұр! 

-Жақында сенде екі маңызды оқиға болды. ЖХЛ 150 -матч өткіздің, ал сәл кейінірек бірінші хет-трнигіңді рәсімдедің. Эмоцияңмен бөліссең. 

- 150-матчты салынған шайбамен атап өттім. Өкінішке орай, бұл ойында жеңе алмадық. Сондықтан, аталған сәт айтарлықтай қуанышты бола қойған жоқ. Хет-трикке келер болсақ, буын бойынша серіктестерім Саян мен Артур маған жақсы көмектесті. Сәттер болды, лақтыруға тырысып бақтым және шайбалар да келе қалған.

 -Анау айтқандай мәселелерсіз плей-оффқа шығу үшін тұрақты чемпионаттың қорытынды матчтарын қалай өткізу керек?

 -Қорғаныста ең қатаң түрде ойнау керек, сапардағы соңғы матчтарда біз көп шайбалар жіберіп алдық. Командада барлығы плей-офқа шыққысы келеді. Бәріміз тырысып жатырмыз, бәріміз айқасып жатырмыз және айқасамыз да. Бұл өз жемісін береді, сенеміз!    

Бөлісу: