"Барыс" 21-туған күнін тойлайды!
26 қараша

26 қарашада "Барыс" өз туған күнін тойлайды! "Барыс" командасы 1999 жылдың 26 қарашасында құрылған, ал 2008 жылдан бастап Құрлықтық хоккей лигасы чемпионатының тұрақты қатысушысы. Клуб құрылымында сондай-ақ "Номад", "Снежные Барсы" кәсіби командалары, "Томирис" әйелдер командасы, "МХК Барыс" және "МХК Барыс-ЖАС" жастар командалары бар. Клубтың балалар мен жасөспірімдер мектебінде 700-ден астам бала тәлім алады.
"Барыс" елде де, одан тыс жерлерде де құлашын кеңге жайған жанкүйерлері бар, Қазақстан Республикасындағы хоккейді дамытудың флагманы болып табылады.
 
"Ағымдағы жыл "Барыс" үшін ерекше және күрделі болып отыр, біздің командалар ойындарын "Барыс Арена" трибуналарындағы жанкүйерлердің тұрақты қолдауынсыз өткізуге мәжбүр. Алайда, біз хабарлама жіберетін, қоңырау шалатын және ҚХЛ-дың кезекті матчында команда үшін жанкүйер болу үшін теледидар алдына жиналатын адамдардан осындай қолдауды сезінеміз. Біздің ұйым атынан барлық жанкүйерлерді "Барыстың" туған күнімен құттықтаймын! Баршаңызға денсаулық, сондай - ақ ұмытылмас жеңістер мен жарқын эмоциялар тілеймін" -
"Барыс" ХК президенті Борис Иванищев.


"Барыс" ХК бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ

 


                                                      "Барыс" ХК баспасөз қызметі

Бөлісу: