Аркадий Шестаков "Барыспен" келісімшартын ұзартты
26 сәуір

Аркадий Шестаков "Барыстың" біліктілік ұсынысын қабылдады және клубпен келісімшартты ұзартты. Екі жақты келісімге 2 жылға – 2022 жылғы 30 сәуірге дейін қол қойылды. 

Өткен маусым ҚХЛ-да 25 жасар қазақстандық форвард үшін дебюттік болды. Шестаков бірде-бір ойынды жіберген жоқ.
Тұрақты чемпионаттың 67 матчында  және плей-оффта Аркадий 18 (9+9) ұпай жинады. Лақтырыс нүктесіндегі оның сенімді ойынын да атап өткен жөн– 59,3%. Бұл командадағы және ҚХЛ-ғы сегіздік ширегіндегі екінші нәтиже. 

"Барыс" ХК бас серіктесі-"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ

Бөлісу: