ҚХЛ. Барыс – Локомотив. Баспасөз конференциясы (бейне)
22 october

«Барыс» - «Локомотив» матчынан кейін (1:4) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Игорь Никитин, «Локомотивтің» бас жаттықтырушысы

- Жақсы ойнадық, екінші кезеңнің соңында ойынан қуылулардың кесірінен басымдықты уысымыздан шығарып алдық. Сондықтан үшінші кезең екі жақты шабуылдарда өтті. Арнайы бригадалар бүгін бәрін шешті.

- Антон Сағадеевтің ойынын қалай бағалайсыз?

- Баға беру қиын, себебі ол ауыр жарақаттан кейін екінші матчты ғана өткізген еді. Әрине, біз оған ойынға кіруге көмектесеміз.

- Артем Анисимовтың алғашқы матчы және бірінші гол, оның ойыны жайлы не айтасыз?

- Артем - ересек, танылған хоккейші және гол соққаны бұл оның бонусы. Бізге әрқашан осындай тәжірибелі ойыншылар қажет.

Юрий Михайлис, «Барыс» командасының бас жаттықтырушысы

- Алғашқы екі кезеңде командалық іс-қимыл болған жоқ, жеке іс-қимылдарға көбірек көңіл бөлінді. Үшінші кезеңде ойыншылар бір-біріне көбірек ашыла бастады, пастардың саны көбейді. Бірақ ойын соңында бізді тағы да ойыннан қуылулар аяқтан шалды. Жігіттер жарады, тырысты, жан-тәнімен беріліп ойнады.

- Бірінші кезеңде Старченкомен ойынға бірінші буында шықтыңыз, содан кейін онда Лилья оралды.

- Осы уақытқа дейінгі бірнеше ойын барысында Роман Старченко мен Якоб Лилья гол соғуда қиындықтарға тап болған еді. Мүмкін, олар гол соғулары мүмкін екенін сезіну үшін бір нәрсені өзгерту керек болған шығар. Ал олар болса гол соға алады. СКА-мен ойында Роман гол соқты, және сіз оның қалай қуанғанын көрдіңіз. Минскілік «Динамо» қарсы ойында оған ойнау қиын болды, бірақ ол шығып, барынша тырысты. Бүгін маған бірінші үштіктің қарсыласқа қарсы ұжымдық ойындары жүрмеген сияқты көрінді. Өзіңіз көргендей біз құдды бір қабырғаға тірелгендей болдық. Лильяны содан қайтардық.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Share: