Коррупцияға қарсы бөлім

«Барыс» Хоккей Клубы» ЖМ ресми сайтының жемқорлыққа қарсы бөліміне қош келдіңіз! «Барыс» Хоккей Клубы» ЖМ Клубта жемқорлықтың болуына шектеу қойып, ашықтыққа қол жеткізуге ұмтылады. Клубта арнайы Комплаенс-офицер тағайындалған, қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін ішкі құжаттамаларды жетілдіру бойынша кешенді және жүйелі шараларды көздейтін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен анализ жасау, қызметкерлерді Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына үйрету бойынша іс-шаралар жасалды және жүзеге асырылып жатыр.   

Комплаенс-офирцердің басты міндеттері:

  1. Жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүзеге асырудағы басты принциптердің сақаталуын қамтамасыз ету;
  2. Клубтағы жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүйесін тиімді жүзеге асыру;
  3. Клуб қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау, жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
  4. Клубта жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру. 

Егер сіз:

  • Болған және жоспардағы жемқорлық, алаяқтық және ұрлық фактілері;
  • Лауазымды тұлғалардың қызметін және өкілеттігін асыра пайдалануы;
  • «Барыс» Хоккей Клубы» ЖМ беделіне нұқсан келтіретін немесе материалдық шығынға ұшырататын өзге іс-әрекеттер туралы хабардар болсаңыз, дереу телефон нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз

Пайдалы сілтемелер


Телефон: +7 (7172) 61-35-22

Сұрауды тікелей сайтқа жіберіңіз Өтініш жіберу