Семён Симонов: «Ұйқышыға ұйқы ғана бұйырады»
20 Наурыз 2024

Семён Симонов: «Ұйқышыға ұйқы ғана бұйырады»

Семён.jpg

«Снежный барс» шабуылшысы Семен Симонов өзін ойындарға кімнің итермелейтінін және бүкіл әлем бойынша саяхаттары жөнінде айтып берді.

- Қай уақыттан бері хоккей ойнайсың және неліктен осы спорт түрімен айналысамын деп шештің?

- Хоккеймен 13 жылдан бері айналысып келемін. Әкем мұз сарайына алып келгенде мен ойынды тамашаладым, ойнап көрдім және маған ұнап қалды.

- Хоккейдегі ең алғашқы қадамдарың есіңде ме?

- Хоккейдегі алғашқы қадамдарымды Теміртауда орындық ұстап жүріп жасадым, ал мұзда сырғанауға бейімделіп, нық тұра бастаған кезде біртіндеп орындықты тастадым.

- Жаттығуды кіммен бастадың және жаттықтырушылардың қайсысымен әлі күнге дейін жұмыс істейсің?

- Менің алғашқы жаттықтырушым Владимир Владимирович Хамракулов болды. Сондай-ақ Игорь Александрович Желтоножко, Константин Иванович Токарев және Сергей Васильевич Старыгинмен жұмыс істедім.

- Алғашқы жаттығулар туралы айтып берші және ең басында қалай алға жылжып дами бастадың?

- Алғашқы жаттығулар мұзда сырғанауды дамытуға бағытталған еді, әрі қарай сырғытпатаяқпен және шайбамен жұмыс істей бастадық. Сосын үдемелей түстік.

- Хоккейден басқа немен айналыстың және өзге де спорт түрімен айналысуға қызығушылық болды ма?

Симонов 1.jpg

- Футболды жиі ойнадым. Басқа спортқа кету туралы ойлар болған жоқ, мен өзімнің хоккейші болғым келетінін бірден түсіндім.

- МХЛ жаңа маусымында команданың өнер көрсетуінен қандай әсер алдың?

- Маусым аяқталған кезде алған әсерімізді қорытындылармыз, ал әзірге ойнап, ең үздік ойынымызды көрсетуіміз керек.

- Чемпионаттағы ойының жеке өзіңді қанағаттандырды ма?

- өзімнің өнер көрсетуім туралы, мен одан да жақсы ойнауым керек деп ойлаймын.

- Мансаптағы қай сәт есіңде ерекше сақталып қалды?

- Қазіргі уақытта Франциядағы U18 Әлем чемпионатында өнер көрсеткеніміз есімде қалды. Сол кезде командамызбен құраманы Элиталық дивизионға шығардық.

Симонов.jpg

- Ойналған матчтардың қайсысы есіңде ерекше сақталып қалды?

- Қазіргі уақытта ең есте қаларлық матч «Югра Мамонттарымен» болған ойын. Ойын күні бұл ұжым Шығыс конференциясының Алтын дивизионының көшбасшысы болған еді. Жаңа жыл қарсаңында біз осы ұжымды жеңіп кеттік, сондықтан осы кездесу қатты ұнады, дегенмен ең есте қаларлық матч әлі алдыда деп үміттенемін.

- Матчтар алдында өзіңді қалай дайындайсың, қандай музыка тыңдайсың?

- Менің ойымша, бәрі сияқты мен де матч алдындағы рәсімдерді сақтаймын. Күш-қуатымды тауыспас үшін қарапайым музыканы тыңдаймын.

- Сені ойынға кім немесе не нәрсе итермелейді әрі ынталандырады?

- Ең маңызды мотиваторым - менің отбасым, жаттықтырушым және командадағы серіктестерім.

- Хоккейден бос уақытыңда қалай демалғанды қалайсың, немен айналысасың?

- Бос уақытымда оқумен айналысамын, серуендегенді ұнатамын, жақсылап қалыпқа келу үшін ұйықтағанды жақсы көремін.

- Қандай тағам жегенді ұнатасың, өзіңе тамақ әзірлеп аласың ба немесе дайын тағамға тапсырыс бересің бе?

- Сүйікті тағамым жоқ, жай ғана дәмді тамақтанғанды ұнатамын. Өзім дайындай алмағандықтан, тамақ әзірлемеймін, жеткізу қызметін де қолданбаймын.

- Сүйікті тәттің?

- «Наполеон» торты

- Саяхаттағанды ұнатасың ба? Қанша елде болды?

- Саяхаттағанды жақсы көремін, өзің үшін жаңа нәрсені ашу әрқашан да қызықты. Францияға, Венгрия, Словакия, Норвегия, Түркия, Египетке бардым.

- «Снежный барс» командасында және жалпы хоккейде өзің үшін қандай мақсаттар қоясың?

- Әрқашан ең жоғары мақсатты қоямын. «Снежный барста» көшбасшы болу, ал жалпы алғанда, ҰХЛ-да ойнау.

- Спорттық нәтижелерге және мұздағы нәтижелерге қол жеткізуде сен үшін кім немесе не нәрсе мотиватор болып табылады?

- Мен үшін мотиватор - әкем, сонымен қатар менің кумирлерім болып табылады.

- Алға жылжуыңа көмектесетін ұран немесе слоган бар ма?

- Ұйқышыға ұйқы ғана бұйырады.

Симонов Семён.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Спорт және туризм индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Snezhnye Barsy

Асанәлі Русланұлы: «Хоккей – өмірімдегі нөмірі бірінші спорт түрі»

new-preview
Snezhnye Barsy

Снежные барсы командасынын ойыңдардың қорытындысы

video-preview
Barys
Snezhnye Barsy

Хоккейлік отбасы Наурыз мейрамын атап өтуде.